Атырау облысы әкімдігі

«Ақжайықтағы» өрт: Бүгін әуеден 117 тонна су төгілді

19.06.2025 21:06 9120

"Ақжайық" резерватындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 тікұшағы әуеге 39 рет көтеріліп, 117 тонна су шашу арқылы өрттің таралуына тосқауыл болды. Жалпы өрт басталғалы бері әуеден 76 мәрте су төгіліп, 228 тоннадан астам су пайдаланылды.

Атырау облысы әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазір «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватындағы өртті сөндіру жұмыстарына 150-ге жуық адам мен 35 техника жұмылдырылды. Ашық жалын сөндірілгенмен кей нүктелерде қамыстың бықсуы байқалуда.