Ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлды болды
Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының отбасында қуанышты жаңалық болды. Айтыскер ақын ұлды болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Барша қазақ жұртынан сүйінші сұраймын. Ақ жүрек азамат, айбынды ақын Серікзат Дүйсенғазы ағамыз ұлды болды. Алла періште сәбидің ғұмырын берекелі, ұзақ қылғай, - деп жазды Марат Сәрсенбайұлы Facebook парақшасында.
Еске сала кетейік, жылдың басында ақынның 16 жастағы Әлихан есімді ұлы оқыс жағдайда қайтыс болған еді.
Мемлекет басшысы белгілі ақын, мәдениет қайраткері Серікзат Дүйсенғазыға ұлы Әлиханның мезгілсіз дүниеден өтуіне орай көңіл айту жеделхатын жолдады. Сондай-ақ Астанада Серікзат Дүйсенғазының ұлы Әлиханның атындағы робототехника фестивалі өтетіні туралы жазған едік.