Жаңалықтар

Ақтөбелік тұрғын үйінде заңсыз қару сақтаған

Ақтөбелік тұрғын үйінде заңсыз қару сақтаған
Фото: © Polisia.kz 07.09.2023 16:02 522

Ақтөбеде өз пәтерінде қару сақтаған қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның дерегінше, 6 қыркүйекте “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде арнайы бөлініс қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында, Ақтөбе облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласының 37 жастағы тұрғынын тұрғылықты мекенжайы бойынша тінту жұмыстарын жүргізді. Тінту кезінде дара ұңғылы 16-калибрлі шолақ мылтық , 2 патрон және 25 сантиметрлік қолдан жасалған пышақты тауып тәркіледі.

Осы факті бойынша Қазақстан |Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға