Жаңалықтар

Ақтөбеде «Күй төресі - Қазанғап» атты монографиясының тұсаукесері өтті

Ұлы күйші Қазанғап шығармашылығы туралы монография таныстырылды
Ақтөбеде «Күй төресі - Қазанғап»  атты монографиясының тұсаукесері өтті
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 30.04.2023 12:13 1312

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Абдулхамит пен Сайра Райымбергеновтердің «Күй төресі - Қазанғап» монографиясының тұсаукесеріне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

«Өнер орталығы» концерт залында өткен мәдени шараға басылым авторы Абдулхамит Райымбергенов, Халық күйшісі Жұмабай Жансүгіров, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тұрар Әліпбаев, басқа да мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты. 

Іс-шараға қатысушыларды құттықтай отырып, облыс әкімі Ералы Тоғжанов Абдулхамит Райымбергенов кәсібилігінің арқасында домбыраны насихаттауға үлес қосқанын, ал монография ұлттық мәдениетті сақтап, оны жандандыратынын атап өтті.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Абдулхамит пен Сайра Райымбергеновтердің «Күй төресі - Қазанғап» монографиясының тұсаукесеріне қатысты.

«Өнер орталығы» концерт залында өткен мәдени шараға басылым авторы Абдулхамит Райымбергенов, Халық күйшісі Жұмабай Жансүгіров, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тұрар Әліпбаев, басқа да мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты. 

Іс-шараға қатысушыларды құттықтай отырып, облыс әкімі Ералы Тоғжанов Абдулхамит Райымбергенов кәсібилігінің арқасында домбыраны насихаттауға үлес қосқанын, ал монография ұлттық мәдениетті сақтап, оны жандандыратынын атап өтті.

«Бұл - үлкен, қуанышты оқиға. Қазанғаптың барлық күйлері монографияда жинақталған. Бірақ бұл кітап тек күйлер туралы ғана емес, бұл қазақтың рухы, мақтанышы. Бұл - Қазанғаптың мұрасын дәріптеу жолында атқарылған орасан зор еңбек. Монографияның артында 40 жыл ізденіс пен зерттеу бар. Осындай қажырлы еңбегі үшін авторларға алғыс айтамыз», - деп атап өткен Ералы Тоғжанов дәстүрімізге сай құрмет белгісі ретінде сыйға жылқы мінгізді.

Кітапта Қазанғап бабамыздың шығармалары (79 күйі) және оның күйлерін жеткізген тікелей шәкірттерінің бұрын-соңды жарық көрмеген аса құнды үнтаспалары мен бейне көріністері (120-дан астам фильмдер), фольклорлық-этнографиялық экспедициялар кезінде түсірілген 600-ге жуық бірегей фотосуреттер QR-код арқылы беріліп отыр. Алғаш рет күйші Қазанғаптың ауызша-кәсіби домбыра мектебі көрсетілді, төрт ұрпаққа жалғасқан шебердің 70-тен астам оқушысы өнер көрсетті.

Жалпы, басылым үш томдық - қазақ және орыс тілдеріндегі монографиялар, сондай-ақ ноталар жинағынан тұрады.

Тұсаукесер барысында сахнадан Қазанғаптың қазіргі заманның ең мықты күйшілерінің орындауындағы белгілі туындылары шырқалды. Оның ішінде домбыраның керемет дыбыстарымен іс-шара қонақтарын Жұмабай Жансүгіров қуантты. 93 жастағы ақсақал - ұлы Қазанғап тәрбиеленушілерінің бірінің шәкірті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға