Жаңалықтар

Ақтөбеде «Ауыл аманаты» жобасының қатысушыларын қолдайтын қор құрылды

Ақтөбеде «Ауыл аманаты» жобасының қатысушыларын қолдайтын қор құрылды
Фото: gov.kz 28.03.2023 21:08 1049

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасына қатысушы үміткерлерден құжаттарды қабылдау жалғасуда. Жоба операторы «Ақтөбе» ӘКК мамандары жобаның әлеуетті қатысушыларына барлық қажетті кеңестерді беріп, заңгерлік көмек көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен 2015 жылы Байқоңырдан Алға ауданы Қарақұдық ауылына көшіп келдім. Бес балам бар. Мал ұстаймын. Енді құс шаруашылығын да дамытуды көздеп отырмын, бұл саладағы алғашқы тәжірибем болмақ. Құжаттарымды тапсырғалы жатырмын. Жұмыс жақсы ұйымдастырылған, мамандар сыпайы және ұғынықты тілде бәрін түсіндіріп береді», - деп бөлісті жеңілдетілген қарыз алуға үміткерлердің бірі Әбдікамал Айтұрсынов

Жобаны іске асыруды жан-жақты қолдау үшін «Құтты мекен» қоғамдық қоры құрылды. Өңірдің ірі және табысты кәсіпкерлері облыс әкімі Ералы Тоғжановтың ауыл тұрғындарын аяғына нық тұрғызуға көмектесу туралы тапсырмасына бей-жай қарамай, Қордың қызметіне белсене араласуда. Шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер мен сарапшы мамандар қатысушылардың қаржылық сауаттылығын арттырып, өндіріс технологияларын қалай қолдану керектігін үйретеді.

Біздің жұмысымыз бірнеше кезеңнен тұрады. Біріншіден, үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 50-ден астам ауылға бардық. Екіншіден, біз үш бағыт бойынша - жылыжай өндірісі, құс шаруашылығы және қайта өңдеу бойынша тегін оқытуды жүргіземіз. Жобаның үміткерлері ғана емес, сонымен қатар 40 ауылдық округ әкімдері ақпаратқа иелік ету және жергілікті жерлердегі қатысушыларға жедел көмек көрсету үшін оқытудан өтті. Үшіншіден, ӘКК-мен бірлесіп несиелеу мәселелерін тікелей пысықтаймыз. Соңғы төртінші кезеңде дайын тауарды нарыққа шығарамыз», - деді «Құтты мекен» ҚҚ атқарушы директоры Серік Нұрғазин

«Ауыл аманаты» жобасына жастарды тарту және ауылға қайтару мақсатында қор «Жастар қанаты» жобасын іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қор өкілі қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген өнім үшін арнайы сертификат алу туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бұл нарықта өнімді жарнамалауға, сатуға ықпал етеді. Негізгі міндет – ауыл халқының табысын арттыру ғана емес, жергілікті өндіріс есебінен халықты негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету», - деп атап өтті Серік Нұрғазин.

«Ауыл аманаты» ауылдық елдімекендердегі жұмыссыздық деңгейін және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайтуға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қызметін заңдастыруға, ауыл кәсіпкерлігін дамытуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

Оны іске асыруға 2022 жылы 3 млрд.теңге, 2023 жылы қосымша 3,5 млрд. теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда «Ауыл аманаты» аясында жеңілдетілген қарыз алуға 600-ден астам өтінім келіп түсті, 300-ден астам өтінім мақұлданған. Ақшалай қарыздардан бөлек, ауыл тұрғындары тауарлық несие шарттарымен мал ала алады. Өңірдің шаруа қожалықтары жобаға қатысушыларға барлығы 6 000 бас мал береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға