Жаңалықтар

«Ақтөбе-Алматы-1» пойызы қатынамайтын болды

«Ақтөбе-Алматы-1» пойызы қатынамайтын болды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 16.12.2023 18:15 1658
Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына себеп болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Осыған байланысты Ақтөбе станциясынан жүретін №34 Ақтөбе-Алматы-1 пойызының жүрісі 16 желтоқсан күні уақытша 1 күнге тоқтатылды

Пойыз кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр.

Жоғарыда көрсетілген бағытқа билет сатып алған жолаушыларға 100% мөлшерде ақшалай қаражат қайтарылады. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, - делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға