Жаңалықтар

АҚШ-тан есірткі салынған ойыншықтарға тапсырыс берген ер адам 10 жылға сотталды

АҚШ-тан есірткі салынған ойыншықтарға тапсырыс берген ер адам 10 жылға сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 20.01.2024 17:36 892

АҚШ-тан пошта арқылы есірткі салынған ойыншықтарға тапсырыс берген ер адам 10 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Елімізде өткен жылдан бастап алқабилердің қатысуымен қаралатын аса ауыр санатына жататын қылмыстық істердің тізбесі кеңейтілді. Олардың қатарына есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар да енген. Алқабилер ірі көлемдегі есірткі контрабандасымен айналысқан ер адамға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұл азаматтың АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы ішіне есірткі салынған балалардың ойыншықтарына тапсырыс бергені және алғаны туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді. Есірткі Қазақстан аумағында сату және одан материалдық пайда табу мақсатында әкелінген.

Оқи отырыңыз: 

Сот үкімімен сотталушы 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға