459.92
505.77
6.57

Ақпарат министрлігі жанынан қоғамдық көркемдік кеңес құрылды

Кездесуге белгілі жазушылар, режиссерлер, сценаристтер мен телеарна басшылары қатысты
facebook.com
Фото: facebook.com 26.11.2022 01:21 450

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің төрағалығымен қоғамдық көркемдік кеңестің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кездесуге белгілі жазушылар, режиссерлер, сценаристтер мен телеарна басшылары қатысты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен тарихи жобалараға, халқымыздың салт-дәстүрі мен тарихын, негізгі құндылықтарын насихаттайтын өнімдерге баса назар аударып отырмыз. Министрліктің жанынан қоғамдық кеңес құрудағы мақсат – сериалдық және деректі фильм өндірісінің дамуына сапалы ықпал ету,  болашағына бағдар беру, сериалдық өнімдердің өзекті мәселелерін талқылау, өнімдердің тақырыптық әрі мазмұндық бағытын саралау", - деді министр.

Дархан Қуандықұлының айтуынша, телехикаялардан бөлек, деректі фильмдер өндірісін жаңа сатыға шығару жоспарланып отыр.

"Мақсатымыз - тарихи кезеңдерге, ұлт болмысын өзгерткен оқиғаларға, қоғам өміріндегі көкейкесті мәселелер  мен процесстерге мән берілмек. Тағдырлы кезеңдердің басы-қасында жүрген тұлғалардың рөлін де сол тақырып аясында  тұтас көрсету көзделіп отыр", - деді Д.Қыдырәлі.

Кеңес отырысында жазушы Смағұл Елубай сериалдардың көркемдік сапасын арттыру мәселесін көтерсе, жазушы, драматург Роза Мұқанова телехикаялардың көркемдік шешіміне мән беріліп, тілдік ерекшелігіне баса назар аударылса деді. Сонымен бірге режиссер Қалила Омар балаларға арналған телехикаялар өндірісін қолға алу мәселесін көтерсе, Александр Аксютиц жас мамандарға дебют беру бастамасын қолға алуға шақырды.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар