Жаңалықтар

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам зардап шекті

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам зардап шекті
Фото: © Polisia.kz 09.06.2023 00:45 445

Оқиға 8 маусым Аршалы ауданының аумағында  Екатеринбург - Алматы автожолында болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Болжам бойынша Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін сақтамай, бір бағытта кетіп бара жатқан тіркемесі бар КамАз-ға соғылған.

Салдарынан үш адам, яғни жүргізуші мен жеңіл көліктің екі жолаушысы зардап шекті.

Полиция қызметкерлері жол жүру ережесін мүлтіксіз сақтауды, шаршаған күйде көлік құралын жүргізбеуді және көлік құралын жиі тексеріп тұруды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға