Полицейлер Бестөбе кентіндегі жұмыс істемейтін шахталарға заңсыз кіру дерегін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бестөбе кентінің аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғындардың бірінің ауласында шахтаның төменгі көкжиектеріне кіруге арналған орынды анықтады.
Халық арасында "құбыр" деп аталатын құпия жерді ауыл тұрғыны өз үйінің ауласында бетон плитамен және қолда бар материалдармен жасырған көрінеді.
Жер қойнауын өз бетінше пайдалану және құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру фактілерін болдырмау, ең бастысы заңсыз кен іздеушілермен шахталардың төменгі көкжиектеріне түсу кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бұл жолды жою туралы шешім қабылданды.
Ақмола облысында жасырын жер асты кеніші анықталды
Оқи отырыңыз
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады