Ақмола облысында 3 тонна шөп жанып кетті

 © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com

Ақмола облысында жеке тұрғын үй аумағында бөлек жиналған шамамен 3 тонна мая шөп жанып кетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқиға Ерейментау ауданына қарасты Өлеңті ауылында болған. Өрт сөндірушілердің және Өлеңті ауылындағы «Ауыл құтқарушылары» бөлімшесінің  жедел әрекетінің арқасында өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

 

Оқи отырыңыз