Жаңалықтар

Ақмарал Науатбек пара дзюдодан әлем чемпионы атанды

Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 спортшы ел намысын қорғауда
Ақмарал Науатбек пара дзюдодан әлем чемпионы атанды
Фото: gov.kz 09.11.2022 13:28 2859

Астаналық спортшы Ақмарал Науатбек пара дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды  El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Финалда жерлесіміз паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, франциялық Аурериес Мартинет Сандриннан басым түсіп, ел қоржынына тарихымыздағы алғашқы әйелдер арасындағы алтын медальді сыйлап отыр.

Осылайша жерлесіміз Ақмарал Науатбек пара дзюдодан әлем чемпионатында топ жарып, ел қоржынына тарихымыздағы алғашқы әйелдер арасындағы алтын медальді сыйлап отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет пара дзюдодан әлем чемпионатында алтын медальді 2018 жылы 60 кг салмақта Олжас Оразалыұлы еншілеген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, пара дзюдодан әлем чемпионаты Бакуда 8-11 қараша аралығында өтуде. Әлемнің 40-тан астам елінен 300-ден аса спортшы бақ сынап жатқан байрақты бәсекеде ел намысын 18 парадзюдошы қорғауда. Оның екеуі Астана қаласының спортшылары.

Бұған дейін, елордалық қос парадзюдошы Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алғандығын жазған болатынбыз. Олардың бірі Ақмарал Науатбек болса, екіншсі ерлер арасында 73 келіде өнер көрсететін жерлесіміз Ерғали Шамей. Балуанымыз бүгін боз кілемге шығады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға