Жаңалықтар

Қаныш Сәтпаевтың ер-тұрманы!

Павлодар облысының тұрғыны белгілі ғалым, геолог Қаныш Сәтпаевтың туған ауылы Баянауыл ауданында орналасқан мұражайына болашақ академиктің жас кезінде пайдаланған ер-тұрманы бар.
18.06.2014 10:55 5659

Баянауыл жері көптеген галымдардың, жазушылардың, ақындардың және қоғам қайраткерлерінің туған жері. Атап айтсақ, Жаяу Мұса, Бұхар Жырау, Мәшһұр Жүсіп Көпеев, С.Торайғыров, Д.Әбілев, С.Дөнентаев, З,Шашкин, З.Ақышев, Қ.Исабаев, Ж.Аймауытов, М.Әлімбаев, Қ.Сәтбаев, Ш.Шөкин, Ә.Марғұлан, Ж.Шанин, Ш.Айманов, К.Кенжетаев, Қ. және С. Абусейітовтар т.б.

Қаныш Сәтпаевтың ер-тұрманы!

Сол ұлыларды ұлықтап, құрмет көрсетіп, 1967 жылы Баянауылда Қ.И.Сәтбаев мемориалды мұражайы ашылған еді. Сол мұражайда академиктің біз естімеген бірнеше заттары бар. Сол қолданған заттарының бірі әрі бірегейі ғалымның өзі пайдасына жаратқан ер-тұрманы.

Павлодар облысының тұрғыны белгілі ғалым, геолог Қаныш Сәтпаевтың туған ауылы Баянауыл ауданында орналасқан мұражайына болашақ академиктің жас кезінде пайдаланған ер-тұрманы бар.

«Көне ер-тұрман осыдан шамамен екі ғасыр бұрын жасалған, ол Сәтпаевтар отбасына тиесілі еді, оны болашақ ғалым жігіт кезінде пайдаланған», – деп хабарлады Қаныш Сәтпаевтың Баянауыл мемориалды мұражайының директоры экспонатты таныстыру кезінде.

Ер-тұрман көп жылдар бойы Қаныш Сәтпаев туған Теңдік ауылының тұрғыны Тастемір Шашеновтың үйінде сақталып келген.

«Оны ерекше құндылық ретінде сақтап келдік. Туған үйінен оқуға атанарға дейін Қаныш Имантайұлы осы ер-тұрманды пайдаланған. Ол атқа мінуді жақсы көретін. Тастемір Шашеновтың қарындасы Сәтпаевтардың туысына күйеуге шыққан, ер-тұрман сол үйде қалған», – дейді мұражай директоры Үміт Сағымбекова.

«Мен ер-тұрманды мұражайға тарту етуді сұрадым, өйткені атақты ғалымның туған жеріндегі мұражайда оның балалық шағынан, жастық шағынан сыр шертетін бір де бір зат жоқ еді. Басқа мұражайда да жоқ шығар. Уақыт өтті, міне, ер-тұрман бізге жеткізілді, біздің қуанышымызда шек жоқ», – деді Ү. Сағымбекова.
Оның айтуынша, экспонатты алдын ала зерттеу оның жасы 2 ғасырға таяйтынын көрсетті. Ер-тұрман қайыңнан жасалып, күміспен безендірілген. Ол академик Сәтпаевтың аталарынан қалған.

«Жаңа құнды экспонат реставрацияны қажет етеді, содан кейін экспозицияға қойылады», – деді Ү.Сағымбекова.

Қ. Сәтпаев – геолог, Қазақстандағы пайдалы қазбалардың көптеген кен орындарын алғаш болып ашқан, ғалым, Қазақстан ғылымдар академиясының бірінші президенті.

Қаныш Сәтпаевтың Баянауылдағы мемориалдық мұражайы 1967 жылы ашылған, оның қорында атақты ғалымның өмірімен байланысты 3000-нан аса экспонат бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға