Жаңалықтар

Антикор Мәсімовке іздеу салды

Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 1973 жылы туған Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы іздестірілуде
Антикор Мәсімовке іздеу салды
24.06.2022 16:28 1160

Нұрлан Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алған, деп хабарлайды El.kz Антикорға сілтеме жасап.

Сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта Мәсімов іздестірілуде.

Егер Сізде оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса Агенттіктің телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз:

call-центр 1424

+7 (7172) 909 260

+7 (727) 278 7300

+7 (707) 978 0808

Мәсімовтың орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 000 000 теңгеге дейін сыйақы көзделген, - делінген хабарламада.

Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға