Жаңалықтар

Антикор Еуропа Кеңесімен бірлесіп активтерді қайтару мәселесін талқылады

Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі мәлім етті
Антикор Еуропа Кеңесімен бірлесіп активтерді қайтару мәселесін талқылады
Фото: Антикор 28.10.2022 18:52 1416

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Еуропа Кеңесімен бірлесіп «Еуропа мен Орталық Азиядағы халықаралық ынтымақтастықты жақсарту арқылы активтерді қайтару» тақырыбында өңірлік конференция өткізді, деп хабарлайды El.kz

Конференцияға Еуропа және Орталық Азия құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің сарапшылары қатысты.

Агенттік Төрағасының орынбасары Асхат Жұмағали өз сөзінде активтерді қайтару мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін, оның тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 5 маусымында экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылғанын атап өтті.

Конференцияға қатысушылар активтерді қайтарудың оң тәжірибесімен бөлісіп, практикалық мәселелер мен тиісті құқықтық базаны талқылады. Негізгі назар шиеленісті мәселелерге және оларды қалай шешуге бағытталды.

Активтерді қайтару бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз көзқарасын білдіріп, оның құрамында қаржылық тергеу, активтерді іздеу және қайтару басқармасы құрылды.

Арнайы құрылған бөлімшенің қызметі жеке және заңды тұлғаларды заңсыз байыту фактілерін, ақша мен басқа да құндылықтарды алу көздерін, мүліктің, оның ішінде тыйым салынған мүліктің нақты тиесілігін, сондай-ақ олардың құқыққа қарсы құралдарға қатыстылығын анықтауға бағытталған.

Ағымдағы жылы Агенттік қабылдаған шаралармен жалпы сомасы 500 млрд теңгеге жуық активтерді мемлекетке қайтару қамтамасыз етілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Осыған байланысты, Қаржылық мониторинг агенттігінің қаржылық барлау бөлімшесімен, Қазақстанның Бас прокуратурасымен тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылып, «Эгмонт», «Карин», «Арин», «OSINT», басқа да ресми және бейресми байланыс арналарының мүмкіндіктері пайдаланылуда.

Екі күндік конференция барысында іс-шараға қатысушылар тәркіленген активтерді тікелей қайтаруға мүмкіндік беретін құқықтық институционалдық негіздерді әзірлеу, әртүрлі юрисдикциялардағы қатыру және алу практикасы, активтерді қайтару мәселелері, сондай-ақ ақпарат алмасудың ресми және бейресми желілерін пайдалану мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға