Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапановты әшкереледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Азаматты ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған. Сондай-ақ 1,4 млн теңгеден астам сома мүлкін иемденген.
Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Осы адамдардың құқыққа қайшы қызметі туралы ақпаратыңыз болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарлауды сұраймыз.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Антикор 4 алаяқтың суретін жариялап, іздеу салды
Оқи отырыңыз
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?