Жаңалықтар

Анасы дүкенге ұрлыққа түскен кезде балалары отырған көлік өртенді

Анасы дүкенге ұрлыққа түскен кезде балалары отырған көлік өртенді
Фото: Видеодан алынған кадр 04.06.2023 19:33 2247

АҚШ-тың Флорида штатында қайғылы жағдай бола жаздады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Флоридада екі бала отырған көліктен өрт шықты. Бұл уақытта балалардың анасы жігітімен бірге дүкенді тонауға кеткен.

Балалар қызыл жалынға оранған көліктен құтқарылды. Олардың бірінің беті күйіп қалған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң балалар оңалту орталығына жатқызылды.

Әйелге ұрлық жасағаны және балаларды қауіпті жерде қалдырғаны үшін айып тағылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға