Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШетел азаматтары асырап алған қазақ балалары психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Жат жерде, өгей отбасында өктемдік пен озбырлықтың ащы дәмін татқан ондай қарагөзіміздің бірі «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасында басынан өткен жағдайды айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ләззат өзін кішкентайынан өсірген адамдардан психологиялық қысым көрген.
Мені бағып алған кісілер миыма бірнәрсені құя беретін. "Біз асырап алғандықтан ғана сен жақсы өмір сүріп жатырсың, жетімдер үйінде қалсаң ішкенің ірің, жегенің желім болатын", деп қайталап айта беретін. "Қазақстанда тұрсаң өмірің өте нашар болатын еді", дейтін. Ана тілімнен, төл мәдениетімнен, туған жерімнен жұлынып кеткендегі күйінішті сезінуге мүмкіндік бермейтін. Басып тастайтын. Ойымды өзгертуге тырысатын. Ұрып-соққан жоқ, қол көтерген жоқ, бірақ сөзбен аямай сабады. Ауыр сөзбен-ақ жанымды тілгілеп жаралағандарын өздері де түсінбеген шығар. Олар маған эмоциялық тұрғыдан зорлық-зомбылық жасады. Сезімдерімнің құнын түсірді, қорлады. Олардың түсінігінде "осыған да қайғыра ма екен" деген кекесін болды. Менің басымнан өтіп жатқан дүниені маңызды деп есептемей, түкке тұрғысыз қылды, - деді Ләззат сұхбатында.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары