Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлімізде зорлық-зомбылыққа көбейіп кеткеніне қатысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы жылдары елімізде зорлық-зомбылық фактілері көбейіп кетті. Осындай қылмыс жасағандар үшін жауапкершілікті күшейту керек пе? Қоғам заңнаманы күшейту керек деген бастама көтерсе, біз заңды күшейтуге дайынбыз. Бірақ тек қана заңнаманы өзгертумен бұл мәселені шеше алмаймыз. Жастарымыздың арасында тәрбие жұмыстарын жүргізуге мән беруіміз керек, - деді Әшімбаев.
Айта кетейік, Астанадағы мейрамханалардың бірінде ер адамның әйелін ұрып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Кейіннен күдікті ретінде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, ол әйелі Салтанат Нұкенованы соққыға жығып, дене жарақатынан әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар