6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚарағанды облыс табиғатты қорғау полициясының қызметкерлеріне Теміртау қаласындағы зоодүкенде Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін жануардың бар екені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Зооқорғау альянсы» өкілдерімен бірлескен тексеру барысында жекеменшік коллекцияларда ұстауға қатаң тыйым салынған, жойылып кету қаупі бар қоңыр капуцин — примат анықталды. Дүкен иесі бұл жануарға қатысты ешқандай құжат ұсына алмаған.
35 жастағы зоодүкен басқарушысының айтуынша, капуцин оған уақытша күтіп-бағуға қалдырылған. Алайда иесі ешқандай құжат бермеген.
Жойылып бара жатқан жануарлармен заңсыз айналысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында бұл сирек кездесетін жануардың Қазақстанға қалай әкелінгені анықталатын болады. Құжаттарды тексеру кезінде заңды растайтын құжаттары жоқ дала түлкісі (степной корсак) де табылды. Зоодүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды,-деп атап өтті полициядан.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі