1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЖоғарыда атап өткендей қиындықтар адамның өзіне деген сенімділігін азайтып, үлкен психикалық ауытқушылықтарға әкелуі мүмкін.
Ұзақ жылдар бойғы зерттеулер нәтижесінде ғалымдар өзіңді бағалап үйренудің тиімді әрі өте қарапайым жолын ойлап тапты. Сонымен жаттығуға көшуге дайынсыз ба?
Ендеше жаттығуды орындау үшін сізге алдымен қағаз бен қалам қажет. Технология қанша дамығанымен психологияға қатысты жаттығулар немесе «күнделік» секілді жазбаларды қарапайым қаламмен жазған дұрыс. Себебі қазаз бен қалам сіздің жүрегіңіздің түкпірінде жатқан ойларды шығаруға көмектеседі.
Сонымен жаттғуға кірісейік! Сізге 7 түрлі тапсырма беріледі. Әр тапсырманың өзінде 7 тармақ бар. Жаттығудың ережесі бойынша барлық тапсырманы толығымен орындау қажет. Кері жағдайда жаттығу көмектеспеуі мүмкін. Сондықтан барынша мұқият жауап беруге тырысыңыз.
1. Өзіңіздің ойыңызша ең жақсы 7 қасиетіңізді жазыңыз?
Барлық тапсырманы кейінге қалдырмай, бірден орындап тастауға тырысыңыз.
2. Мінезіңіздегі 7 ерекше қасиетті тізіп жазыңыз.
Бұл жазу тек өзіңіз үшін ғана. Сондықтан өзіңізді мақтауда тұрған еш әбестік жоқ.
3. Сізді бағалайтын 7 адамның атын жазыңыз.
Егер 5-ші, 6-шы тармаққа келіп кідіріп қалсаңыз ешнәрсе етпейді. Бастысы ойланып, жеті тармаққа да жауап беріңіз.
4. Өміріңізде қол жеткізген 7 жетістігіңізді тізіп жазыңыз.
5. Өзіңізді ерекше құрметтеген 7 сәтті есіңізге түсіріп, қағазға түртіңіз.
6. Ертең істейтін 7 тірлігіңізді жазыңыз.
Бұл жаттығудың өте маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан өте мұқият болыңыз.
7. Сіздің жеткен жетістігіңізге шын көңілмен қуанатын 7 адамның тізімін жазыңыз.
Жазылған тізімді уақытыңыз болған сайын дауыстап оқуға тырысыңыз. Сонда сіз сенімсіздік, өзіңді бағаламау дегеннің не екенін білмейтін боласыз.
Алмас САУДАНБАЙ
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?