12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікӨскеменде жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ашылды.
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік мүшелері, ақсақалдар алқасы іс-шараға белсене қатысты. Ескерткішті салтанатты түрде облыс әкімі Даниал Ахметов ашты.
Алматыдан ақынның ұрпақтары арнайы келіп, сөз сөйледі. Мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері мен жастардың басын қосқан игі бастама Жамбыл Жабаевтың есімін еншілеген саябақта өтті. Оның кіреберісінде орналасқан биіктігі 2,5 метрлік қоладан құйылған ескерткіш авторлары алматылық мүсінші Сәрсен Сеитов пен Қазыбек Дулатов. Тас үстінде домбырада ойнап отырған Жамбыл образы қаланың көрікті жеріне айналып, тұрғындардың көзайымы болары сөзсіз.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер