Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерІшкі істер министрі Ержан Сәденов Қызылорда облысындағы жыныстық құлдықта болған 16 жастағы оқушының ісіне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство басшысының сөзінше, іс бойынша күдіктілер саны өзгермеген – 13 адам.
Тоғыз қылмыстық істің бесеуі аяқталды. Жалпы бірнеше іс қаралып жатыр. Соңында істер сотқа жіберіліп, нүкте қоямыз, - деді министр.
Естеріңізде болса, тамыз айында Қызылордада 16 жастағы қызды 1000 еркек зорлаған деген ақпарат тараған еді. Осы оқиғаға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған болатын. Осыдан біраз күн бұрын айыпталушылардың біріне сот үкімі шықты: ер адам 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Ал Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұл отбасының бақылауда екенін айтып, басқа пәтерге көшуді ұсынғанын атап өтті.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі