Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрСу тасқыны басталғаннан бері Жылыойда жұқпалы аурулар ішек инфекциясы, вирустық гепатит, іш сүзегі, паратиф, аса қауіпті инфекция ретінде тіркелмеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Жылыой СУ" ЖШС - Құлсары және Аққиизтоғай объектілерінің су құбыры желілеріне (су басқан) дезинфекция жүргізді. 5 көппәтерлі тұрғын үйде, 25 кіреберісте, 5 аулада дезинфекция жүргізілді. 19 сәуірде әкімшілік ғимараттарда, мәдениет және спорт объектілерінде, қаржы ұйымдарында, коммерциялық объектілерде және тағы басқа дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.
21 сәуірде қосымша 127 үйде дезинфекция жасалған.
Эпизоотиялық жағдай: су басқан шағын аудандарда мал қорымына 436 бас ірі қара мен құс, 20 үй жануарлары (иттер) тәркіленіп, жойылды.
Жануарлар иелері тарапынан актілер жасалды. Құлсары қаласының қалған шағын аудандарында және Қарағай елді мекенінде эпизоотиялық жағдай тұрақты.
Құлсарға келіп жатқан су тоқтатылды. Бақашы су басқан ауданының 1.5 шақырымында жол салынды, Құрсайға келетін су тоқтатылды.
Жұмыстарға 15 бірлік техника жұмылдырылды.
Айта кету керек, қазіргі уақытта қала аумағында тасқын суларды тәулік бойы тазарту және құрғату жұмыстары жүргізілуде. Дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова