28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБишімбаевтың ісі бойынша сот отырысындағы жарыссөз кезінде адвокат Ерлан Ғазымжанов айыптау бойынша жылына үш рет ұрып-соғу болғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Нүкенованы «жүйелі азаптап өлтірді» деп санауға болмайтынын алға тартты.
Қылмыстық кодекстегі аталған бапты ашсаңыз, онда азаптау дегеніміз – жүйелі түрде ұрып-соғу деп жазылғанын көресіз, алайда некеде болған кезде осыған ұқсас үш жағдай ғана болған. Бұл жүйелі түрде ұрып-соғуға жата ма? Олар бірге серуендеп, бірге демалды, қымбат әшекейлер тағып, киім-кешек алды, бар болғаны үш рет қана жанжал шығарып, үш рет қақтығыс орын алды. Бұл жүйелі азаптау, жүйелі түрде ұрып-соғуға жата ма? Онда кез келген отбасыға барып, жылына шыққан үш жанжал үшін 4 жылдан 7 жылға дейін жаза тағайындайық, - деді Ғазымжанов.
Осы сөздерден соң судья Айжан Құлыбаева адвокатқа ескерту жасады. Судья оған қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзатын мысалдар айтқанын түсіндірді.
Құрметті сот, сіз маған үнемі қоқан-лоқы көрсетесіз, бірақ басқаларға бұлай жасамайсыз, - деді адвокат.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?