Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМаңғыстау облысындағы Құрық портында қуаттылығы жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа астық терминалы пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда порт аумағындағы «Kaspi Grain Way» жеке компаниясының астық терминалы Қазақстанның түкпір-түкпірінен астық дақылдарын қабылдауға дайын.
Жоба аясында 28 мың тоннаға дейін дәнді дақылдарды біржолғы сақтау мүмкіндігі бар 18 сүрлем салынды. Құбырлардың өнімділігі сағатына 300 тоннаны құрайды.
Терминал дәнді дақылдарды Қазақстаннан Иранға, Кавказ өңірі елдеріне және одан әрі экспорттайды.
Бүгінгі таңда астық терминалында шамамен 14 мың тонна арпа сақталып тұр. Биыл осы терминалдан Құрық портының №4 айлағы арқылы 3 500 тонна арпаның бірінші жүк партиясы Иранға жөнелтілді.
Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасының теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын орындау шеңберінде іске асырылып жатыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары