Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҮкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2024 жылғы ақпанда жылдық инфляция 9,3% дейін баяулағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство басшысы инфляция мен инфляциялық күтулердің төмендеуіне байланысты Ұлттық банк ақпанда базалық ставканы 14,75% дейін, яғни 50 базалық тармаққа төмендеткенін тілге тиек етті.
Сонымен бірге жылдық инфляцияның баяулау қарқыны азайғанын айта кеткен жөн. Ақпанда айлық инфляция орташа тарихи мәндерден жоғары қалыптасты. Маусымдық және әкімшілік факторлардан басқа нарықтық тауарлар мен қызметтер бағасы тез өсті. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жұмсарту мүмкіндігі айтарлықтай шектеулі, - деді Ұлттық банк төрағасы.
Бұдан өзге Тимур Сүлейменов осы жылдың басынан зейнетақы активтері 18,4 триллион теңгеге дейін өскенін және инвестициялық табыс көлемі 351,1 миллиард теңгені құрағанын айтты.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар