2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрДиетолог маман Франклин Джозеф кейбір күтпеген тағамдардың аштықты ұзақ уақытқа басып, артық салмақтан арылуға сеп болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Daily Mirror басылымы мәлімдеді.
Маманның айтуынша, попкорн — өте аз калориялы және ұзаққа созылатын тоқтық сезімін беретін ерекше тағамдардың бірі. Дегенмен, попкорнды майсыз әрі қантсыз нұсқада пайдалану қажет.
Франклин Джозеф аштықты жеңілдетіп, арықтауға көмектесетін тағамдардың қатарында балғын көкөністерді де атап өтті. Әсіресе қытырлақ шикі көкөністер — балдыркөк, қияр және сәбіз.
Бұл көкөністердің көлемі үлкен, бірақ калория мөлшері аз болғандықтан, олар тез тойымды етеді, – дейді ол.
Сонымен қатар, маман жұмыртқа, сұлы ботқасы, жасымық пен бұршақтың да ұзақ уақыт бойы тоқтық сезімін сақтап қалатынын айтты.
Бұршақ тұқымдастар кешкі асқа таптырмас тағам. Оларды қорытуға біраз уақыт қажет, бұл асқазанның созылуына және табиғи аштықты басатын гормондардың бөлінуіне түрткі болады. Сондықтан да олар тойымдылықты ұзаққа сақтап тұрады, – деп түйіндеді ол.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова