13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Қазақстан Тәуелсіздік алғалы 1 миллионнан астам қандас елге оралды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, – деп хабарлайды El.kz.
2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, жыл басынан 9 077 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 96,9 мың этникалық қазақ оралды.
«Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Өзбекстаннан (69,9%), Қытайдан 10,3%, Түрікменстаннан 7,1%, Моңғолияда 4,0% және басқа елдерден 8,7% қоныс аударды.
Этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,9%), Түркістан (9,7%) және Жамбыл (6,5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,7%), Нұр-Сұлтан (7,2%) және Шымкент (8,0%) қалаларына қоныстанды», - делінген министрлік хабарламасында.
Елген келген 9 мыңнан астам қандастың 60,5% - еңбекке қабілетті жастағы азаматтар, 26,2% - еңбекке қабілетті жастан кіші, 13,3% - зейнеткерлер.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,8% жоғары білімді, 39,8% орта кәсіби білімді, 46,7% жалпы орта білімді және 1,6% білімі жоқ.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды