Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2025 жылғы 6–15 қазан аралығында Qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында «Жыл волонтеры» халықаралық сыйлығының алғашқы кезеңі – онлайн-дауыс беру өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Техникалық іріктеу қорытындысы бойынша байқауға 174 үміткер қатысып жатыр.
Аталған сыйлық Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалып, волонтер мәдениетін дамытуға, азаматтық жауапкершілік алып, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан волонтерлерді ынталандыру және қолдауға бағытталған. Бес жыл ішінде Премияны Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден 247 волонтер жеңіп алды.
2025 жылы сыйлық 15 номинация бойынша табысталады. Олар кең волонтерлік қызмет ауқымын қамтиды. Оның ішінде әлеуметтік жобалар мен білім беру, жануарларды қорғау және экологиялық шараларға дейінгі бастамалар бар.
Әрбір қазақстандық дауыс беруге қатысып, қоғамды дамыту үшін күн сайын азаматтық ұстанымынан таймай еңбек етіп жүрген волонтерлерге қолдау көрсете алады.
«Жыл волонтёры» халықаралық сыйлығы Қазақстанда ғана емес, шекарадан тыс жерлерде де үздік тәжірибелер мен волонтерлік қозғалыс көшбасшыларын дәріптейтін маңызды платформаға айналып келеді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек