23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБүгін Астанада Халықаралық волонтерлер күні аясында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының және «Игі істер марафоны» жобасының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы негізінде арнайы комиссия 15 бағыт бойынша 118 үміткердің өтінімін қарады. Қорытындысы бойынша 47 үміткер жеңімпаз деп танылды.
Халықаралық волонтерлер күнін мерекелеу аясында Қазақстан халқы арасында волонтерлік және қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Айта кетейік, «Игі істер марафоны» жобасы 2024 жылғы 9 шілде мен 1 желтоқсан аралығында ұйымдастырылды. Марафон аясында 7 мыңнан астам игі іс жасалды, ал оның қатысушыларының саны 50 мың адамға жуықтады.
Іріктеу нәтижесінде 20 үміткер жеңімпаз атанды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады