Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс өткізу туралы хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы – әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге және ынталандыруға, сондай-ақ волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға бағытталған, - делінген мәліметте.
Сыйлық 15 бағыт бойынша беріледі.
Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 25 қыркүйек пен 14 қазан аралығында жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: qazvolunteer@mail.kz (DOC, DOCX, PDF форматы) немесе министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеттің мекенжайы бойынша: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимараты (14-кіреберіс).
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: +7 (7172) 74-10-74, 74-03-11, эл.пошта: a.syzdykova@mki.gov.kz
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру ережелері туралы толығырақ www.adilet.kz сайтынан біле аласыздар.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 бұйрығына қосымша сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021420
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары