Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСу ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда тексеріс жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көпфакторлы тексеріс нысанның және ондағы жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Былтыр министрлік еліміздің 14 облысындағы 84 нысанда көпфакторлы тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл бастапқыда жоспарланғаннан көп.
Жаңа Су кодексіне сәйкес, гидротехникалық нысандардың иелері әр бес жыл сайын өздеріне тиесілі құрылыстарға көпфакторлы тексеру жүргізуге міндетті. Тексеріс нәтижесінде қауіпсіздік декларациясы жасалып, ол бассейндік су инспекциясында тіркелуі қажет, - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі