Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты Абзал Құспан «Пошта туралы» заңға қатысты жауапты органдар жұмысын сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілісте «Пошта туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Осы орайда депутат заңға неліктен жыл сайын өзгеріс енгізілетіні сұрады.
«Пошта туралы» заң 2016 жылы қабылданған. Бар-жоғы 45 баптан тұратын шағын заң. 2016 жылдан бері бұл заңға өзгеріс енгізілмеген жыл жоқ екен. Жыл сайын енгізілген. Бір жылда бір рет өзгеріс енгізілсе, бір сәрі, алайда жылына бірнеше реттен өзгеріс енгіземіз. Заңның тұрақтылығын қашан қамтамасыз етесіздер? Бұл заңның сапасыз екенінің көрінісі ме? Бұған дейін неге бірден қамтымадық? Тоқсан сайын осы заңды қарап отырамыз ба? – деп сұрады Құспан.
Депутат заңға биыл бесінші рет өзгеріс енгізілгелі жатқанын айтты.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек қазір бәрі тез өзгеріп жатқан заман екенін еске салды.
Бірнеше жаңа сервис шықты. Біздің нарығымызға бірқатар компания келді. Сондықтан өзгерістер керек. Менің ойымша, тұрақты ештеңе болмайды, - деп қысқа жауап берді ол.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары