Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстанда жыл басынан бері терроризмді насихаттау фактісі бойынша 31 адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, жыл басталғаны сот органдары аталған фактілер бойынша тағы да 10 адамды әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырды.
Мысалы, Атырау облысының тұрғыны терроризмді насихаттау фактісі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеу барысында оның белсенді түрде дін ұстанушылар арасында радикалды идеологияны таратқаны және еліміздің азаматтарына қатысты зорлық іс-әрекеттер жасауға үгіттегені дәлелденді, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының ықпалына түскен Шымкент қаласының 2 тұрғынын 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Тергеу барысында олардың әлеуметтік желілер арқылы терроризм идеологиясын насихаттағандары, сонымен қатар террористік тұрғыдан белсенді аймақтарға жету үшін шетелдік содырлармен байланыс орнатпақ болғандары анықталды, - делінген.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар