Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Мүлікті ұрылардан қалай қорғауға болады» тақырыбында Ішкі істер министрлігінде брифинг өтті. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі хабарлайды.
Жыл басынан бері 1100-ден астам пәтер ұрысы ұсталды. Оның ішінде 59 қылмыстық топ және 38 гастрольдік ұрылар бар. Алматыда төрт адамнан тұратын гастрольдік пәтер ұрыларының тобы құрықталды. Олар пластикалық терезелерді ашу арқылы бес ұрлық жасаған. Шығын 17 млн теңгеден асады, - деп мәлімдеді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Ведомство өкілінің мәлімдеуінше, Алматыда 12 пәтерді тонаған гастрольдік ұрылардың басқа тобы ұсталды. Олар үйлерге кілт таңдау жолымен кірген.
Пәтер ұрлығына қарсы күресте бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық шараны қабылдап жатырмыз. ІІМ-нің ведомстволық бағдарламалары аясында тұрғын үйлердің аулаларында 68 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылды. 24 мыңнан астам камера тұрғындардың бастамасымен қойылды. Бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасуда,-деді ол.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары