13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз2025 жылдың басынан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан 15 палестиналық журналист қаза тапты. Бұл туралы Палестина журналистер одағының мәлімдемесінде сілтеме жасай отырып «Анадолу» сайты мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хабарламаға сәйкес, тағы 11 БАҚ қызметкері жарақат алған.
Сонымен қатар Израиль әскери күштерінің әрекетінен палестиналық журналистердің 17 отбасы мүшесі қаза тапқан. Газаға жасалған шабуылдар кезінде 12 палестиналық тілшінің үйлері қиратылған.
Есепте 15 журналистің тұтқындалғаны, олардың кейбірінің әлі де қамауда отырғаны көрсетілген. 49 журналиске физикалық күш қолдану қаупі төнген. Сондай-ақ журналистік жабдықты тәркілеу немесе қасақана жою бойынша 16 оқиға тіркелген.
Тағы 31 журналист көзден жас ағызатын газдың әсерінен тұншығып қалған, ал 13 репортерге кәсіби қызметін атқаруға тыйым салынған. Ұйым журналистерге қатысты 343 құқықбұзушылық оқиғасын тіркеген, оның ішінде ауызша шабуылдар, қорқытулар, арандатулар, камерадағы медиа контентті жою, айыппұл салу және заңсыз сот шешімдері бар.
Газа секторындағы үкіметтің медиа-офисінің мәліметінше, 2023 жылдың 7 қазанында Израиль агрессиясы басталғалы бері 212 палестиналық журналист Израиль әскері қолынан қаза тапқан.
Аталған кезеңде 168 мыңнан астам палестиналық қаза тауып немесе жарақат алған, олардың басым бөлігі — балалар мен әйелдер.
Оккупацияланған Батыс жағалау мен Шығыс Иерусалимде 2023 жылдың қазан айынан бері Израиль әскері 958 палестиналықты өлтірген, шамамен 7 мың адам жарақат алған, тағы 16,4 мың адам Израиль әскерінің рейдтері кезінде ұсталған.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды