Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл есірткі тасымалдағаны үшін кәмелетке толмаған 30 жасөспірім ұсталды. ҚР ІІМ осыған байланысты ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство ата-аналарды балаларының уақытын және пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылауға шақырды. Себебі жасөспірімдер кейде өз әрекеттерінің салдарын білмей, оңай ақша табудың тұзағына түсіп жатады.
Бір қарағанда, бұл зиянсыз граффити сызбасына ұқсайды. Шын мәнінде әлеуметтік желі арқылы есірткі сатып алуға болатын танымал арнаның жарнамасы болуы ықтимал.
Күмән тудыратын чаттар, геолокациялары бар белгілер, орындардың әртүрлі фотосуреттері мен үйлердің қабырғаларындағы түрлі сызбаларға назар аударыңыз, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар министрлік дәрі-дәрмектер, фольга, шыны түтікшелер және басқа да қаптамаларға зер салуды сұрайды. Өйткені мұның бәрі есірткі тұтынуға арналған құрал болуы мүмкін екендігін айтады.
Шамадан тыс ақша көрсеңіз, оның қайдан келгенін ойлаңыз. Балаңызды салауатты өмір салтына баулып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз, - деп қосты ІІМ өкілдері.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?