Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда жалпы ауданы 110,7 мың шаршы метр болатын 54 сауда үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, іске қосылған нысандардың нақты құны 48,1 млрд теңгені құрады.
Сауда үйлерінің көбі Түркістан облысында іске қосылды – 18 нысан, Атырау облысында – 6 нысан пайдалануға берілді. Ал Маңғыстау облысында 1 сауда үйі пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 9 айда жалпы ауданы 26,9 мың шаршы метр болатын 46 супермаркет іске қосылды, олардың жалпы құны 12,5 млрд теңгені құрады. Супермаркеттердің көпшілігі Қызылорда (16) және Түркістан облыстарында (15) ашылды.
Сондай-ақ аталған кезеңде жалпы ауданы 27,1 мың шаршы метр болатын 158 минимаркет іске қосылды. Минимаркеттерді іске қосудың жалпы құны 11 млрд теңгені құрады.
Минимаркеттің көпшілігі Түркістан (31), Жамбыл (22) және Ақмола (21) облыстарында ашылды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар