10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанда жыл сайын күн жылына бастағанда, сондай-ақ жазғы мектеп демалысы кезінде балалардың терезеден құлау фактілері көбейеді. 2024 жылдың басынан бері (10.07 жағдай бойынша) 112 шұғыл әрекет ету қызметі кезекшісінің пультіне тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлағаны туралы 102 хабарлама келіп түсті. Осылайша, апат салдарынан жеті адам қайтыс болды, қалған 95-і әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиғалар Астана (18), Алматы (2), Шымкент (5) қалаларында, Қарағанды (12), Батыс Қазақстан (6), Шығыс Қазақстан (3), Қызылорда (13), Атырау (5), Жамбыл (2), Қостанай (6), Ақмола (5), Ақтөбе (2), Павлодар (6), Солтүстік Қазақстан (1), Маңғыстау (5), Абай (5), Ұлытау (5), Жетісу (1) облыстарында болған.
Өткен жылы осындай 170 жағдай тіркелді, ол кезде 2 мен 13 жас аралығындағы балалар ересектердің қарауынсыз қалып, терезелерден құлаған. Барлық жағдайда балалар терезеге өздігінен көтеріліп, тіреуіш ретінде әртүрлі жиһаздарды қолданған немесе москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап кеткен, - делінген мәліметте.
Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:
Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз. Өйткені назарыңызды бір секундқа басқа жаққа аударудың өзі баланың өміріндегі соңғы сәт болуы немесе оның біржола мүгедек болып қалуы үшін жеткілікті;
Терезені тиісті қорғаумен жабдықталмаған москит торларын пайдаланбаңыз - балалар мұндай торларға сүйеніп, нәтижесінде олармен бірге құлап түседі;
Балалар өздігінен терезені аша алмайтындай етіп, қауіпсіздік құлыптарын орнатыңыз;
Баланы қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнауға жол бермеңіз;
Балалар терезенің алдына шыға алмайтындай, жиһаздарды оның жанына қоймаңыз.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді