Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЖыл басынан бері автокөлікте 1700-ден астам өрт болды, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 айда республика бойынша көлікте 1739 өрт тіркелген.
2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттердің 11,6%-ға азайғаны байқалады. Көліктегі өрттердің 95%-ы автомобиль көлігіне тиесілі. Автомобиль көлігіндегі өрттердің негізгі үлесі жеңіл автомобильдерге – 1308 өрт, жүк көліктеріне – 318, автобустарға – 24-і тиесілі, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
ТЖМ көлік құралдарының иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін ескертті.
Көлік құралындағы өрт байқалмай басталады. Сол себепті ол аса қауіпті. Өрттің шыққаны түтіннің иісі сезілген кезде белгілі болады. Үй-жайдағы өртке қарағанда, көліктегі өрт бірнеше есе жылдам таралады. Өрт бірнеше секундтан 2-3 минутқа дейін созылады. Сондықтан мұнда адамның денсаулығы мен өмірі өрт сөндірушілердің іс-әрекетіне емес, азаматтардың көліктегі өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтауына байланысты, - дейді министрлік.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды