Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлаяқтар азаматтарға 25 млрд теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жыл басынан бері 9 мыңнан астам алаяқтық дерегі тіркелді. Қайталанатын қылмыстық әрекеттердің салдарынан азаматтар 25 миллиард теңгеден астам қаржысынан айырылған. Тергеу басқармасы көп эпизодты үш қылмыстық істі қарастырды.
Зардап шеккендердің саны 300-ден 1400 адамға дейін жеткен. Екі қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Ал үшінші іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Жедел ахуалды тұрақтандыру мақсатында полиция халықпен тығыз жұмыс істеуде. Негізгі бағыттардың бірі – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Бұл БАҚ арқылы, көшелер мен қоғамдық орындарда алаяқтықтың түрлері мен әдістері туралы ақпараттық жадынамалар тарату арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар алаяқтықтың жаңа әдістері, оларды жасау жолдары және алдын алу шаралары бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар