Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 257 кәсіпорны 3,7 мыңнан астам жұмыскерге 1,4 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 4,7 мыңнан астам фактісі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 2 602 ұйғарым берілді және 332 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 3 437 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,2 млрд теңге төленді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 1 қыркүйекгіндегі деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 013 тексеру жүргізді. Оның барысында 4 706 бұзушылық анықталды: еңбек саласында – 3 965; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 721; халықты жұмыспен қамту бойынша – 20.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 30 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары