14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 13 362 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 101,2 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (68,7%) Өзбекстаннан, 10% – ҚХР-дан, 7,9% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,8% - басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Маңғыстау (16,7%), Түркістан (9%) және Жамбыл (6,5%) облыстарында, сондай-ақ, Астана (7,8%), Шымкент (7,3%) және Алматы (5,8%)қалаларында қоныстанды.
Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 27,5% - ды және зейнеткерлер 13,7% - ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 13,2% - ы жоғары білімді, 38,9% - ы арнайы орта білімді, 46% - ы жалпы орта білімді және 1,8% - ының білімі жоқ.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды