Бүгiн, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖыл басынан бері 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының қарқыны 10,1%-ға дейін артты. Өсімнің жоғары көрсеткіштері Мемлекет басшысының тұрғын үй құрылысы, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы, сондай-ақ инженерлік желілерді жаңғырту жөніндегі төрт ауқымды бастамасын іске асырудың арқасында қамтамасыз етілді.
Үкімет отырысында ҚР премьер-пинистрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров атап өткендей, оң динамика 18 өңірде тіркелді, бұл ретте құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, сондай-ақ Жетісу және Абай облыстарында байқалады.
Биылғы қаңтар-қыркүйекте 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,2%-ға артық. Ең жоғары көрсеткіштер Шымкент қаласында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында байқалады.
Бүгiн, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКеше, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды