Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлімізде жыл басынан бері 12 адам суға батып кеткен. Бұл туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Ерасыл Сайпаш мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерасыл Сайпаштың айтуынша, жалпы суға шомылу кезеңінде 177 адам қаза тапқан. Оның 53-і – жасөспірім.
Ал 2022 жылғы статистиканы келтірсек, 183 адам суға кеткен. Оның 62-сі бала болған. Байқағандарыңыздай, былтыр суға батқан адамдардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 4 процентке азайған. Балалардың қаза табуы 15 пайыз кеміді. Жыл басынан бері 12 адам суға кеткен. Оның екеуі – жасөспірім, – деді ол.
Ал Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советовтің сөзінше, министрлік құтқарушылар былтыр ондаған адамды суға кетіп бара жатқан жерінен құтқарып қалған.
Былтыр азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері патрульдеу кезінде 221 адамды суға батып бара жатқан жерінен құтқарып қалған. Ал биыл қаңтар мен мамыр арасында 38 адам құтқарылды. Оның бесеуінде оқиға орнындағы қарапайым азаматтар көмекке келген, – деп атап өтті Алексей Советов.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары