Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖыл басынан бері ҚР Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне тұрақты тұруға өз еркімен көшіп келген 10,9 мың қандас пен қоныс аударушы бейімдеу және интеграциялық қызметтердің 25 түрімен қамтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қоныс аударушылар мен қандастарға ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық әрі білім беру қызметтері көрсетіледі, бұл олардың қоныстану аумақтарында бейімделуі мен интеграциялануына және жаңа тұрғылықты жерінде орнықтыруына ықпал етеді. Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша аталған қызметтермен 8 719 қандас және 2 161 қоныс аударушы қамтылды.
Бейімдеу және интеграциялық қызметтер тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына ерікті түрде қоныс аударудың мемлекеттік шараларына қатысуға ниет білдірушілер өтініш білдірген сәттен бастап көрсетіледі. Мансап орталығының қызметкері қоныс аудару аумақтарына қоныс аудару шарттары және қажетті құжаттар тізімі бойынша алғашқы кеңес береді.
Қоныс аудару өңірін айқындау алдында қоныс аударушыға не қандасқа: өңірлік квотаға енгізу туралы, уақытша орналастыру орталықтарының қызметтері, бейімдеу және интеграциялық қызметтер мен басқа да қолдау шаралары туралы барлық қажетті ақпарат беріледі.
Құжаттарды қабылдау «Қандас» немесе «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Қоныс аударушымен және/немесе қандаспен бірлесіп бейімделу және интеграциялау жөніндегі жеке жоспар қалыптастырылады, оған сәйкес жаңа тұрғылықты жеріне көшу және жайластыру өтеді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары