Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПрезидент – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы аясында 2024 жылы Қазақстан армиясы 100-ден астам заманауи жауынгерлік техника сатып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оның ішінде 53 «Арлан» БКМ (Қазақстан), 45 бірлік COBRA II БКМ (Түркия), А-400 ауыр жүк әскери-көліктік ұшағын (Испания), «Шапшаң» көліктік-десанттық қайығын (Қазақстан) бар. Бұдан басқа, Қазақстан армиясының қаруындағы 85 бірлік әскери техникаға күрделі жөндеу және жаңғырту жүргізілді.
2024 жылы Қарулы күштерде 75 мың жауынгерлік даярлық іс-шарасы өткізілді
Өткен жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштері жоспарланған жауынгерлік даярлық іс-шараларының 99,9%-ын орындады. 75 мыңнан астам іс-шара, оның ішінде 3 мыңнан астам жауынгерлік атыс өткізілді. 1 мың тактикалық оқу-жаттығу, Құрлық әскерлерінде 35 мың практикалық атыс болды. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері 15 мың парашютпен секіру өткізді. Әскери ұшқыштар 10 мыңнан астам ұшу ауысымын орындады. Әскери-теңіз күштерінің кемелері Каспий теңізіне 200-ден аса жорық жасады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары