Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСингапурда өтіп жатқан су спорт түрлерінен әлем чемпионатында жүзу жарыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іріктеу кезеңдерінде Қазақстан құрамасының үш өкілі бақ сынады. Алайда олардың ешқайсысы келесі айналымға өте алмады.
100 метрге арқамен жүзуде Ксения Игнатова 30-орын алды. Ал 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Аделаида Пчелинцева 50-орынмен шектелді.
Арсен Қожахметов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жарысты 42-орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартқан болатын.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады