23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі екінші кезеңіне үміткерлер қабылдауды бастайды. Оған еліміздегі ЖОО-ның журналистика, кино өнері және телевизия факультетінің III, IV курс студенттері қатыса алады, деп хабарлайды El.kz
Өтінімдер 2022 жылғы 10 қарашаға дейін qazaqstan.tv ресми сайты немесе mediamektep@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады.
Медиамектептің ең үздік қатысушыларына еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясынанан бастауға мүмкіндік беріледі.
«Алғашқы кезеңге қатысқан 30 студенттің ішінен ең үздік 10 түлек қазір Корпорацияға қарасты телеарналарда қызмет етіп жүр. Жас әріптестеріміз үшін бұл үлкен мүмкіндік және тәжірибе. Сәт сайын өзгеріп жатқан медиаидустрияның жаңашылдықтары мен қыр-сырын үйретуді биыл да жалғастыру туралы шешім қабылдадық. Біздің мақсатымыз – білікті ізбасарлар дайындау»,- дейді медиамектеп жұмысы туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
Оқытуды 6 ай бойы Корпорацияға қарасты «Qazaqstan», «Qazsport», «Abai TV», «Balapan» телеарнасы және «Қазақ радиолары» ЖШС мамандары шығармашылық және техникалық бағытта ақысыз негізде жүзеге асырады.
Медиамектептің жаңа кезеңіне өткен алғашқы оқыту курсының түлектері қатыса алмайды.
Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (717) 2 75 70 07.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады